Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі - Мырзашөл өлкесіндегі жарты ғасырдан астам тарихы бар, оқу мен тәрбиеде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қара шаңырақ оқу орындарының бірі.
Қазіргі таңда оқу орны «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Кәсіптік білім беру», «Бастауыш білім беру», «Музыкалық білім беру», «Негізгі орта білім беру», «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. 2020 жылдың желтоқсанында аталған барлық мамандықтар «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КЕМ аккредитациядан сәтті өтті.
Колледж дайындайтын жас мамандар сұранысқа ие. Жыл сайын мектепті бітіруші жас түлектердің біздің оқу орнын таңдап, арманына қанат, мамандығына терең білім мен тәрбие алатынын өмірдің өзі дәлелдеп беру үстінде.

Здесь вы узнаете о последних новостях парка.